KAZNMU ENDOWMENT

Slide Background
KAZNMU ENDOWMENT
Жарқын болашақ үшін құрылған қоғамдық қор!
Slide 3

Орталық Азиядағы алғашқы орфандық аурулар орталығы

Төсек-орын санын арттыру

Аурухананы кеңейту және Ақсай балалар ауруханасында науқастады емдеу үшін қосымша орындар ашу.

Slide 1

Технопарк

Технопаркті реконструкциялауға қаржы жинау

Студенттер үшін дәрістер, іскерлік кездесулер, семинарлар мен іс-шаралар өткізуге арналған тегін платформа.

Slide 2

OPASCA неміс компаниясы

Германиялық OPASCA компаниясы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-мен Ұлттық онкологиялық желіні құру бойынша ынтымақтастық және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.

Slide 2

С.Д.Асфендияров атындағы университет жанындағы коворкинг орталығы

Мақсатымыз – ҚазҰМУ студенттері, магистранттары, аспиранттары, оқытушылары және университет қызметкерлеріне арналған адамдар жұмыс істей алатын, шығармашылықпен дами алатын, бірігуі және тиімді қарым-қатынас жасай алатын заманауи функционалдық кеңістік құру.

Slide 2

Атчабаров зертханасы

Зертхананы халықаралық стандарттар бойынша қайта құру - студенттер мен ғалымдарға клиникаға дейінгі зертханалық зерттеулерді жүргізуге үлкен мүмкіндік сыйлайды.

Slide 2

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ университеті базасындағы стоматологиялық емхана

Мамандарды тәжірибеге енгізу және студенттердің оқуына практикалық көмек көрсетуге мүмкіндік сыйлайды. Студенттер озық стоматологиялық жабдықтарда жұмыс істейді.

Slide 2

Германиялық Systamatec компаниясымен жоба

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де Systamatec патенттер тобының негізінде немістің Systamatec компаниясы Minilab модульдік технологиялық платформасын ашу туралы ұсыныс жасады, оның көмегімен фармацевтика, биология және косметология саласындағы ғылыми зерттеулерге арналған құралдардың икемді жүйесін енгізуге болады.

Slide 2

ҚазҰМУ сағаты

Сағат механизмінің архитектуралық бөлшектерін қалпына келтіруді қамтитын университеттің мәдени алаңын реставрациялау.

Slide 2

Әлеуметтік жоба KAZ_INVA_TRENAZHER

Қозғалыс функциялары бұзылған адамдарға арналған тренажерлық құрал-жабдықтарды өз өндірісін жүзеге асыруда ерекше қажеттіліктері бар кәсіпкерге қолдау көрсету.

Slide 2

Студенттерді қолдау

Қор студенттерге қолдау көрсетіп, университет қауымдастығының құрамдас бөлігіне айналады, ол студенттердің дамуына қолайлы жағдай жасауға, олардың оқу және мансаптық мақсаттарына жетуге көмектесуге, сондай-ақ студенттік өмірдің әртүрлі аспектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

previous arrow
next arrow

KAZNMU ENDOWMENT статистикасы

Қор туралы

Эндаумент – бұл С. Асфендияров атындағы Қазақ Медициналық Университетінің қабырғасында арнайы құрылған қоғамдық қор. Қорға жиналған қаражат медицина саласындағы бағдарламаларды, зерттеулерді, стипендияларды және университеттің басқа да бастамаларын қолдауға жұмсалады.

Қордың жұмыс істеу принципі

Қордың бастапқы капиталы тұрақты кірісті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қаржылық құралдарға инвестиция ретінде салынады.

Донорлық компаниялардың, инвесторлар мен серіктестердің қаражаты нақты медициналық бағдарламаларды қолдау үшін пайдаланылады.

Балалар ауруханаларының қызметін қаржыландыру, ауруханаларда интерактивті оқыту сыныптарын құру, студенттерге арналған стипендиялар, білім беру және медициналық жаңа бастамалар және т.б. бағдарламалар бар.

Уақыт өте келе инвестициялар мен кіріс көздері арқылы қордың капиталы өсіп, оған қолдау көрсететін бағдарламалар мен бастамалардың санын арттыруға мүмкіндік береді.

Институт өзінің ғылыми-зерттеу, білім беру бағдарламалары мен медицина саласындағы ықпалын кеңейте алады және денсаулық сақтауды жақсарту арқылы ғылыми жаңалықтарды алға тартады.

Біздің серіктестер

Фотогалерея