Жобаларды іріктеуге қатысуға өтінім

Біздің қор жобаларды іріктеуге қатысуға өтінімдер қабылдайды.

Ұсынылған жобалар немесе стартаптар келесі бағыттардың біреуіне немесе бірнешеуіне қатысты болуы керек: медициналық (білім беру, техникалық, инновация, ақпараттық және медицинаға қатысты кез-келген жоба), ғылыми және әлеуметтік.

Таңдалған жобалар біздің қордың қолдауымен қаржыландырылады және одан әрі дамытылады.

Қалай өтініш беруге болады?

  1. Төменде үлгі файлын жүктеп алыңыз
  2. Үлгідегі барлық сұрақтарға толық жауап бере отырып өтінімді толтырыңыз
  3. Толтырылған өтінімді және жоба бойынша басқа файлдарды (презентациялар, суреттер және т. б.) endowment@kaznmu.kz поштасына жіберіңіз
  4. Хаттың атауын «Өтінім … (өтініш берушінің аты-жөні және Жобаның атауы)» үлгісінде жазыңыз.